Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
25 қараша, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Жұмыс беруші қызметкерді ауруханаға жібермеуге құқығы бар ма?

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді

Жұмыс беруші қызметкерді ауруханаға жібермеуге құқығы бар ма?

Жұмыс берушінің ауруханаға баруға мүмкіндік бермеуге құқығы бар ма, деп хабарлайды Taulik.kz.

Еңбек министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын құжат болып табылатынын және жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтынын түсіндірді.

Өз кезегінде жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

"Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін негіз болып табылады", - делінген жауапта.

Осыған байланысты қызметкерде заңнамада белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы болған кезде ол өзінің еңбекке жарамсыздық кезеңінде жұмысқа шықпауға құқылы.