Қазір кейбір компания қызметкермен келісімшартқа отырмай жұмыс істейді. Ауызша келсімшартқа отырып, жұмыс беруші қызметкердің құқығын бұзса, не жалақысын төлемесе, қызметкер өзінің құқығын қорғай алмай қалады. Әрі жұмыстан шықпас бұрын орнына жұмысшы табуды да міндеттейді. Мұндай жағдайда не істеу керек, заңгер Эльнура Кішкенбаева жауап берді.
Еңбек кодексінің 56-бабында көрсетілгендей, қызметкер жұмыстан шығатынын жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын айтып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Өзінің орнына адам табу және оны үйрету қызметкердің міндетіне кірмейді.
Жұмыс берушілер қызметкерге орнына адам табуды талап етсе, ол еңбек инспекциясы басқармасына барып, шағым жаза алады.