Алматы әкімі Ерболат Досаев халықтың салығынан түсетін, мемлекеттік бюджеттен өзіне қарата жазылған жағымды және жағымсыз пікірлерді зерттеуге алатын арнайы компанияны жалдаған, деп мәлімдеді ras_aitam инстаграм парақшасы.
Alem Resarsch компаниясын жалдаған Алматы әкімі әлеуметтік желідегі және БАҚ-та жарияланған жағымды және жағымсыз пікірлердің тізімін жасаған. Тізімде түрлі сайттар, facebook топтар, инстаграмдағы парақшалар, youtube арналар және жекелеген авторлар кездеседі.
Ras_aitam авторының айтуынша, тізімді жасау кезінде «Досаев» тегін көп пайдаланған жазба иелері сұрыпталған.