logo
search
menu

Атырауда мереке күні 30 адам отбасының шырқын бұзған

Атырауда жаңа жыл түні 151 хабарлама келіп түскен.
1 қаңтар, 2024
Атырауда мереке күні 30 адам отбасының шырқын бұзған

Мазмұны

    Атыраулық полицейлер жаңа жыл түні 151 хабарламаға қызмет көрсетті, деп хабарлайды taulik.kz  AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

    Мұнайлы өңірдегі жедел жағдай тұрақты. Мереке түні тұрғындар тыныштығын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атыраулық полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуді жалғастыруда. Жаңа жыл түні 151 хабарлама келіп түсіп оның барлығына полицейлер уақытылы барып қызмет көрсетті.  Көпшілік іс-шаралар кезінде балалардың ата-аналарынан адасып қалу дерегі тіркелмеді. Көшелерде құқық бұзып бұзақылық әрекеттеріне жол бергендер болмады. Мереке күні отбасы шырқын бұзған 30 адам анықталып полиция бөлімдеріне жеткізілді. 12 ұсақ жол-көлік оқиғасы орын алды, жарақат алғандар және ауруханаға жеткізілгендер жоқ. 

    Облыстық полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы