«Біз де адамбыз»: Газадағы өмір 22 жастағы журналист қыздың көзімен

Плестиа Алакад – сол жақта қалып қойған журналистердің бірі.

Журналистердің көбі Израильдің Газа секторын бомбалап жатқанын айтып үлгергенімен, одан кейінгі жағдай бәріне бірдей анық емес. Тек сол жақта қалып қойған журналистер таратып отырған ақпарат ғана әлем назарын аударып отыр. Басты себептердің бірі – рұқсат жоқ.

Плестиа Алакад – сол жақта қалып қойған журналистердің бірі. 22 жастағы журналист қыз өз репортаждарын жеке әлеуметтік желісінде жариялап отырады. Бұған дейін Плестиа Press House Palestine басылымынан тәжірибеден өткен. Ал оның директоры Билал Джадаллах қараша айында израиль әуесоққысынан қаза тапқан болатын.

Алакада беретін ақпарат Газадағы бомбалаудың, күйреген үйлердің, әскерлердің қозғалысы және тірі қалу үшін бәрін жасап жатқан жандардың өмірі туралы есепті беруге жақын. Бұдан бөлек онда Газадағы адамдардың адамдық қасиеттері мен халқы туралы деректер де беріледі. @byplestia деген атаумен 4 миллионнан астам оқырманына үміт пен ақпарат беріп отырған оның парақшасынан жергілікті балалармен ойнап жүрген видеоларын, тасбақамен суретке түскен жылы суреттерін, жалпы Израиль әскерінің кіргенге дейін Газаның қандай болғанын көрсетеді.

Бір ай бұрын (қараша, 2023) Алакад Австралиялық отбасының жылдам виза жасап бергенінің арқасында Газадан кетуге мүмкін алған. Дегенмен сол кездегі шешімді журналист былай суреттейді: «Өмірімдегі қабылдаған ең қиын шешімдердің бірі болды».

Журналист Мэтью Лик 22 жастағы Плестиа Алакадтан сұхбат алған. Reuters-ке шыққан материалдың қазақшасын ұсынып отырмыз.

Журналистикаға қалай келдіңіз және соғысқа дейін немен айналыстыңыз?

Мен 2022 жылы жаңа медиа және журналистика мамандығын аяқтадым. Яғни соғысқа дейін енді тәжірибе жинап жүрген маман едім. Журналистикамен бірге кадрлар бөлімде де жұмыс істедім. Press House Palestine-де (Палестинадағы журналистерді қолдайтын коммерциялық емес ұйым) БАҚ-қа арналған оқыту жұмыстарын және семинарлар өткіздім. Бұған дейін түрлі жұмыстармен айналыстым: Alghad TV-да тәжірибеден өттім және Sawa ақпараттық агенттігінде жаңалықтар бөлімінің редакторы ретінде жұмыс істедім. Жалпы Газадағы медиаиндустрияны зерттеп, білуге тырыстым.

Кипрде оқып жүрген кезде маған жағымды жаңалықтарды дайындау барысы, мерекелік шараларды, бақытты сәттерді ұсынған ұнайтын. Дәл осы жұмыстар бойынша деректер жинадым. Сондықтан университетте жүрген кезде Gundem газетінде бас редактор және репортер болып жұмыс істедім. Соңғы жазған материалдарым бітіруші түлектерге қатысты болды. Себебі өзім де түлек болған соң, олардың сол сәтті қалай қабылдайтынын жеткізу маған қызық еді.

Кейін кенеттен өз халқымның геноциді туралы ақпарат тарата бастағанымды сезіндім. 7 қазанға дейінгі істеген жұмыстарым мен одан кейінгі істегендерімді ойлаудың өзі қорқынышты.

byplestia/әлеуметтік желіден

Соғыс басталған кезде журналист ретінде жұмыс істеген сәтіңізді қалай суреттеп бересіз, не сезіндіңіз?

Соғыс кезінде түрлі эмоцияны сезінуге уақытым болған жоқ. Жылау немесе қандайда бір эмоцияны сезіну қалыпты болып кетті. Кейде осының бәрін аяқталып, бәрі жақсы болады деп те үміттендім. Содан кейін келесі күні айтуға ауыз бармайтын сұмдық жағдайлар орын алды. Кейде мен «Бүгінге жетеді. Біз ең сәтсіз жолға түстік. Бұдан асқан қатыгездік болмайды. Келесі күні тағы да сұмдық жағдай болды. Бұл жүрегімді қарс айырды. Менің не болып жатқанын ойлауға, оларды бір жүйеге түсіруге мүлде уақыт болмады» деген ойда болдым.

Газадағы соғыс туралы ақпарат таратқан кезде күніңіздің жоспары қалай жүйеленді?

Соғыс кезінде күнделікті жоспар болған жоқ, өйткені сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз. Кей түндері мүлде ұйқы болмады. Таңның атқанын күтетін түндерде де болды. Себебі ертең не басқа күні сол атқан таңды көруге мүмкіндік бол ма, жоқ па білмеймін. Кейбір күндері жұмыс істеуге, қозғалуға да шара болмады, себебі жанармай бітіп қала беретін. Тіпті жұмыс істеп жатқан тобыммен де байланысқа шыға алмаған кездер болды. Өйткені телефон байланысы үзілген. Сол себепті электр қуатынсыз, интернеттің болмауынан жұмыс істеу қиынға соқты.

Есеп беру кезінде қандай сақтық шараларын қолдандыңыз?

Алғашында үнемі прессаға арналған киім мен шлемді киіп жүрдім, себебі журналиспін және менің пресса өкілі екенімді өзгелердің білгенін қаладым. Уақыт өте келе прессаға арналған киімдерді киіп жүрудің қауіпті екенін түсіндім. Бұл туралы инстаграмда пост жаздым. Алғашқы суреттердің бәрінде мен сол киімдермен жүргенін жүктедім. Арнайы киімді кимеген кезде өзімді жалаңаш қалған адамдай сезіндім, бірақ кейін оның өміріме үлкен қауіп төндіретінін біліп, киіп жүрудің мәні де қалмағанын ұқтым.

Сіз өз жұмысыңызда соғыс кезіндегі күйреген өмірді және олардың бақытты әрі табандылық танытқан сәттерін де қоса бересіз. Нені қай кезде беру керек екенін қалай шешесіз?

Мен нені қай кезде беру керек дегенді ойламаймын. Сол күні болатын оқиға маған хабарласады. Мен оқиғаға бармаймын, ол мені іздеп келеді. Алдын ала жоспарламаймын. Тіпті жоспар жасай да алмайсыз. Мен тек оқиғаны білемін және әлемнің көргенін қалаймын. Бір сөзбен мен оптимист адаммын. Былайша, мен өмірді сүйемін, түсінесіз бе? Сондықтан соғыс кезінде жаным бос қалғандай болды. Болып жатқан оқиғаның бәрінен күйзеліске түстім, көргенім мен нақты нені беруге деген ұмтылысым болса да, жолай көрген кішкентай баланы көтеруге тырыстым. Адамдарға тек журналист ретінде қарым-қатынас орнатпаймын. Журналист болғаннан бұрын адаммын ғой, олармен барынша түсінісуге тырыстым, түсінесіз бе. Съемканың оқиғасы мен аяқталуы – менің жұмысым емес. Жоқ, мен де адаммын, олар да адам. Біз бәріміз тарихпыз.

Журналист ретінде сізге деген Газа халқының реакциясы қандай болды?

Әр адамда әртүрлі реакция туындайтын. Журналист ретінде біздің жасап жатқан ауыр жұмысымызға деген адамдардың ықыласы да болды. Мәселен, олар мені тамақтандырды. Жұмысымды істеп, өз ісіммен айналысып жатқан кезде олар: «мына нанан алып, шайдан ішіңіз» дейтін. Ештеңелері болмаса да, олар жұмыстың ауырлығына қарай менің ісімді бағалады. Ал кей адамдар журналистерден (қасында болуға) қорықты, өйткені олар қаншама журналистің қайтыс болғанын көрді.

byplestia/әлеуметтік желісінен алынды

Соғыс іздің ішкі әлеміңізге және жұмысыңызға қалай әсер етті?

Соғыс әлі аяқталған жоқ, сондықтан мен әлі жинақталып жатырмын. Тәнім Газа да болмаса да, ойыммен сол жақтамын. Менде тіпті болған оқиғаларды бір жүйеге түсіріп, қайта өңдеуге бір минут болсын мүмкіндік болған емес. Дегенмен болған оқиға маған өмірдің мәні жоқтайдай әсер қалдырды. Мысалы «Өмір деген не? Өлім деген ше?».  Осы ойлар мені түнекке бастайтын. Соғысқа дейін жылаған сәтім есімде, оның өзінде ыдысымы сынып қалған еді. Ал қазір бүкіл ыдыстарым сынып қалса екен деп тілеймін. Менің есімде тек болып жатқан оқиғалардың бәрі ең ауыр сәттер екені ғана. Балаларды қалай бірнеше бөлікке бөліп жібергендерін де көрдім.

Әрі қарай жалғастыруға дәтіңіз қалай жетті?

Менің басқа таңдауым да болмаған секілді. Дегенмен бір нәрсені айта аламын, мен өзімді және өзімнің осы сәтте жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсеткен командамды жақсы көремін. Бәрі шаршаған, босап қалған. Бәрінің қалауы атыстың тоқтауы, егер осының бәрінде мән болса, біздің көргенді көрмегенін тіледі. Әлем ол жақта не болып жатқанын көру үшін біз жұмысты тоқтатпаймыз, жалғастыра береміз. Дәл қазір тоқтауға болмайды. Біз эмоциялық жақтан қолдау күткендерге дем болдық, сонымен қатар оны бір-бірімізге де жеткізушіміз.

Бір постыңда Газадан кету ең ауыр шешім болғанын айтыпсың. Неге кеттің?

Журналистердің нысанаға айналуы туралы жаңалықтар неғұрлым көп болғаннан немесе журналистердің отбасылары нысанаға айналатыны туралы жаңалықтар көп болғаннан, мен соғұрлым қатты қорықтым. Ваэля Дадудың отбасын өлтірдегендерін көру, Билал Джадаллуды өлтіргендерін көруімді айтуға болады. Жолға шығар алдында екі журналистті өлтірді. Мәселе менің жеке қауіпсіздігімді емес, отбасыма қатысты. Журналист болғаным үшін олардың өміріне қауіп төнсе ше? Бәрінің басында қиын жағдай екенін білемін. Тіпті қарапайым азаматтардың өзі Газада үреймен күн кешіп жатыр. Егер сіздің отбасыңыз журналист болғаныңыз үшін нысанаға алынған болса, бұл тіпті қорқынышты.

Әлеуметтік желідегі оқырмандарыңыздың көптігі және олардың ақпарат алуға сізге қандайда бір үміт сыйлай ма?

Палестинада не болып жатқанын ақпарат ретінде таратып жатқанымды бағалаймын. Алайда Газадағы жағдай туралы әлемнің тек қазір біліп жатқанын жек көремін. Міне, сол үшін мен 7 қазанға дейінгі өмірді суреттеймін. Біз – адамбыз. Біздің де өміріміз, арманымыз және үмітіміз бар. Біз жайған адамбыз, білесіз. Біз болып жатқан мына қанды, өлімді және күйреуді көруге жаралмағанбыз. Біз тек қарапайым өмірді қалаймыз. Мені әлемнің Газадағы бұрынғы өмірді білмегені, тек қазіргі күйреген қирандыны ғана көргені қынжылтады. Бәрі бомбалаудың астында қалған. Мен әлемнің дәл қазір не болып жатқанын, бізге де адам ретінде қарауын, Газа да бір кездері әдемі әрі солай болып қала беретін мекен болғанын сезінгенін қалаймын.

Алдағы уақытта сіздің жасаған жұмыстарыңыз әлемге қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

Әлем Газа туралы көп ақпарат біледі деп үміттенемін және 7 қазанда ғана емес, жалпы не болғанын біледі деп сенемін. Мен олардың біздің 75 жыл бойы оккупацияда өмір сүріп жатқанымызды білгенін қалаймын. Мен жас ұрпақтың Газа, Палестина, оның мәдениеті, халқы туралы да білгенін қалаймын. Мен олардың біз туралы білгенін қалаймын. Мен әлем бізді адам ретінде көргенін қалаймын.

Loading...