logo
search
menu
Бүкіл әлемге танымал әзілкеш пен блогер ұшақ ішінде төбелесіп, шу шығарған
Фото: Malim.kz

Бүкіл әлемге танымал әзілкеш пен блогер ұшақ ішінде төбелесіп, шу шығарған

Әлеуметтік желіде екі жолаушының ұшақтың дәл орта бөлігінде жұдырықтасқан сәті таралып, жүздеген мың қаралым жинады, деп хабарлайды Taulik.kz  Malim.kz-ке сілтеме жасап.

The Sun басылымының мәліметінше, оқиға Нигериядағы Асаба әуежайынан ұшу үшін дайындалып тұрған United Nigeria Airlines компаниясының UN0523 рейсінде болған.

Видеода екі жолаушының салон ішінде төбелесіп қалғаны анық көрінеді. Желі қолданушылары оларды жергілікті инфлюенсер Matins Otse (лақап аты Very Dark Man – VDM) және комик Freedom Atsepoyi екендігін танып қойған.

Экипаж бірден араласып, екі жолаушыны да ұшақтан түсірген. Оларды әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырғаннан кейін, ұшақ әдеттегідей рейсін жалғастырған.

Қақтығыстың нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.