logo
search
menu
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 51 млн теңге жымқырылған

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 51 млн теңге жымқырылған

Алматыдағы университетте жемқорлық фактісі анықталды.

Алматы қаласының прокуратурасы университетті тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңге.

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.