Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасына келген «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Егізбаев партиялар арасындағы доданың қалай өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды taulik.kz.
Мәселен, президент сайлауғына түскен Қарақат Әбденді партия төрағасы сайлауалды стратегия мен тактикада пайдаланғандарын айтып отыр. Сұрақтан барынша қашқанымен, Егізбаев сұрақтың басын «әр партияның сайлау алдында өз тактикасы мен стратегиясы болады» деген сөзімен нақтылап берді.
Одан бөлек «Ауыл» партиясы ғана емес, мұндай тактиканы барлық партиялар пайдаланатынын айтады. Мәселен, еліміздегі ең көп дауы жинаған AMANAT партиясының тізімін атап, онда атақты спортшылар мен жұлдыздардың бар екенін айтып берді.
Димаш Құдайбергенге барлық партиялардың таласатынын, себебі ол сол партияда болса, адамдар соның артынан еріп дауыс береді дегенді айтып отыр. Осы Димаш пен Геннадий Головкинді AMANAT партиясы мүшелікке қосып алды дегенді де ашып айтты.