Мәзір
9 қаңтар, 2024 / taulik / Жаңалықтар

Кісі қолынан өлген зейнеткер мен ұлының қазасына қатысты тың ақпарат жарияланды

Күдіктіге іздеу салынды

Кісі қолынан өлген зейнеткер мен ұлының қазасына қатысты тың ақпарат жарияланды Кісі қолынан өлген зейнеткер мен ұлының қазасына қатысты тың ақпарат жарияланды
ktk.kz

Талдықорғанда 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Полиция қызметкерлері "Екі марқұм да бірнеше жерден салынған пышақ жарақатынан өлді" деген болжам айтып отыр.

Анасы мен баласының мәйітін қонақтан қайтқан немересі көрген.  Қылмыс болған үйде ит пен мысықтан басқа ешкім қалмады. Аумақ сары лентамен оқшауланған.

"Полиция 5 қаңтарда Талдықорғанда жеке үйден табылған зорлық өлімінің белгілері бар қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлының өлімін зерттеп жатыр. Күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды іздеп жатырмыз", – деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін БАҚ 5 қаңтарда Талдықорғандағы Ақбастау көшесіндегі жер үйде тамағы кесілген екі адам өлі табылғанын хабарлаған. Жетісу облыстық Полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, қылмыстың жай-жапсары туралы ашып айтпаған.

"Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – деп хабарлады ведомство.

Ал кеше, 8 қаңтарда Жетісу облысының полициясы осы қылмысты жасады деген күдікпен 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатқаны белгілі болды.

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде бір саусақ жоқ.

"Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102", – делінген хабарламада.

 

Апта талқысында: