Ресейлік ғарышкер Олег Кононенко түнгі Астананың көрінісін ғарыштан түсірген фотосы арқылы көрсетті, деп хабарлайды taulik.kz.
Суретті "Роскосмос" баспасөз қызметі жариялады.
"Түнге қарай әр қала өзінше өзгереді: бірі "ұйқыға" кетсе, бірі - жарқыраған жұлдыз секілді қайта жанады. Қазақстанның астанасы Астана соған мысал. Егер сіз мұқият қарасаңыз, қаланың түнгі сұлбасы сақинаға жабылған жүрекке ұқсайды", - делінген суреттің сипаттамасында.