Бастапқыда автокөліктерді қайта өңдеу құқығы монополист Әлия Назарбаеваның «Оператор РОП» жеке компаниясына тиесілі болды. Кейін бұл құқық мемлекетке өтіп, «Жасыл Даму» АҚ қайта өңдеу операторы болды.
«Бұрын монополия болған. Қайта өңдеумен бір ғана компания айналысты. Біз нарықты зерттеп, тиісті өзгерістер жасадық. Енді OKED рұқсаты бар барлық кәсіпорындар қайта өңдеумен айналыса алады. Қазақстанда мұндай 196 кәсіпорын бар.Бәлкім барлығы жұмыс істемейтін шығар, бірақ қалай болғанда да бүгінде нарыққа беріп жатырмыз. Енді әрбір өңірде кәсіпорындар қайта өңдеумен айналыса алады»,- деп мәлімдеді Ерлан Нысанбаев.
Бұған дейін көліктерді қайта өңдеуге монополиялық құқық Әлия Назарбаеваның «Оператор РОП» ЖШС-не тиесілі болатын. 2022 жылдың қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оператор РОП-ты монополиядан айырып, қайта өңдеу жөніндегі өкілеттіктерді мемлекеттік құрылымға беруді бұйырды. Осыдан кейін оператордың функциялары «Жасыл Даму» АҚ-қа өтті.