Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы саласында - депутат

Оның пікірінше, ауыл шаруашылығына құйылатын инвестиция мөлшері мардымсыз.

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы саласында - депутат

Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев ауыл шаруашылығы саласына құйылатын инвестиция мөлшерінің мардымсыз екенін, әрі ондағы жалақы да жеткіліксіз, нашарлап бара жатқанын айтты. 

Бүгінде ауылдың жағдайы нашарлап барады. Ауыл шаруашылығының да жағдайы нашар. Статистикалық деректерге үңілсек, ауыл шаруашылығындағы орташа жалақы – 236 мың теңге. Саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция – 981 млрд теңге. Мысалы, көлік саласында орташа жалақы – 474 мың теңге. Бұл – ауыл шаруашылығына қарағанда бірнеше есе көп. Өйткені салаға салынған инвестицияның көлемі – 2,5 трлн теңге, - деді Анас Баққожаев.

Осы деректер негізінде депутат Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевқа сауал жолдады.

Жиында бюроның негізгі жұмысы тек ақпарат жинау емес деп айтылды. Бүгінде ең төменгі жалақы да, инвестиция көлемі ең азы де ауыл шаруашылығы саласында. Сіздер осы мәселені (жоғары жақта) көтеріп, мәселенің өзекті екенін айтып жатырсыздар ма? Қандай ұсыныстар беріңіздер? - деді ол.

Мақсат Тұрлыбаев бюроның жинаған деректері ашық екенін, олар Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратына берілетінін атап өтті. Бюро басшысы барлық жиналған дерек Президент әкімшілігіне берілетінін жеткізді.

Ұлттық статистика бюросының ең басты мақсаты – мәліметтерді жинау, оларды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну. Біз пайдаланушыларға өз жүйеміз арқылы және ақпаратты талдап, бәрін беріп отырмыз.

Біз Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіне қараймыз. Агенттік өзінің тиісті ұсыныстарын Президент әкімшілігіне және премьер-министрдің аппаратына береді», - деді бюро басшысы.