SABAQ ONLINE платформасының арқасында грантта оқып жатырмын – Аружан

SABAQ ONLINE туралы пікір

«Менің есімім – Аружан. Атырау қаласында тұрамын. Қазіргі таңда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2 курс студентімін. Эколог мамандығы бойынша білім алып жатырмын» деп сөз бастаған Аружан не үшін Sabaq Online платформасын таңдағанын кеңінен айтып берді.

«Маған офлайн білімге қарағанда онлайн білім алып, ҰБТ-ға дайындалған тиімді болды. Сондықтан Sabaq Online курсын таңдадым. Естеліктер көп болды, ай сайын тест тапсыру, пән бойынша нұсқа талдау. Білім сапасы керемет! Әсіресе биология және география пәндерінен түсіндіруі ұнады. Қазіргі таңда грантта оқып жатырмын», – дейді Аружан. Оның сөзінше, грантқа түсуіне онлайн білімнің пайдасы молынан болған.

«ҰБТ кезінде дайындалу аса қиын болмады, себебі мен арнайы уақыт арнап дайындалатынмын», – дейді Аружан біздің «ҰБТ-ға дайындық кезінде қандай қиындықтар болды?» деген сұрағымызға.

Мамандықты екі түрлі жағдайда таңдаған Аружан былай дейді:

Мамандық таңдауға келетін болсақ, әр адам өзінің қызығушылығына қарай немесе қазіргі таңда дамып жатқан мамандықты таңдаған дұрыс. Мен эколог мамандығын өзім таңдап түстім және осы мамандыққа түскеніме өкінбеймін.

Болашақ түлектерге де жүрекжарды тілегін арнады:

Болашақ түлектерге айтарым: ҰБТ қиын, тапсыра алмаймын деп уайымға, күйзеліске түспеңіздер. Өз білімдеріңізге сеніңіздер дегім келеді. Барынша дайындалып, қалаған мамандыққа түсіп кетулеріңізге тілектеспін.

Аружан өзінің ойын аяқтай келіп, онлайн білім алған платформасына да алғыс айтқысы келетінін жеткізді:

«Sabaq Online платформасына алғысым шексіз. Осы курс дайындығыммен қазіргі таңда грантта оқып жатырмын. Платформадан алған білімдерім қазірдің өзінде көмектесіп жатыр», – дейді.

Аружанның тәжірибесі бойынша, онлайн білім алу ҰБТ-ға дайындалуда тиімді болып отыр. Ол Sabaq Online платформасының жоғары сапасын бағалап, өзінің грантқа түсуіне осы платформаның көмегі тигенін атап өтті. Болашақ түлектерге сеніммен дайындалып, өз мақсаттарына жетуге кеңес береді.

Loading...