Мәзір
10 мамыр, 2024 / taulik / Жаңалықтар

Су тасқыны кезіндегі волонтерлердің ерлігі

Волонтерлер қандай қиындыққа тап болады?

Су тасқыны кезіндегі волонтерлердің ерлігі Су тасқыны кезіндегі волонтерлердің ерлігі

Еріктілер немесе волонтер деген кезде көз алдымызға тек істі тегін істейтін, бәріне көмектесуге міндетті секілді адамдар тобы елестейді. Әсіресе, елде сел, өрт немесе жер сілкінісі, су тасқыны болған кезде олардың бар екенін, ел арасында жүрсе де, көзге көрінбейтін ерліктерін естіп жатамыз. Taulik.kz редакциясы волонтерлерге қатысты тақырыпты зерттеп, «Birgemiz.Ayala» волонтерлік желісінің мүшесі, волонтер Нұрасыл Бекматовтан да пікір алып көрді.

Елімізде көктемде болған су тасқыны кезінде волонтерлердің жұмысы анық көрінді. Қостанай облысндағы аудандарға, ауылдарған барған Нұрасыл Бекматовтың айтуынша, олардың басты жұмыстары су тасқыны кезінде көшіп кеткен, үйінен айырылып, басқа жаққа бас сауғалап кеткен халықтың қираған үйіне барып, құжаттарын іздеу, керек-жарақтарын табу, соларды алып иелеріне жеткізу секілді мәселелерді қола алған.

«Атыраудан Құлсарыға баратын болдық. Пойызға отырып. Су тасқыны қауіпті деңгейде болып жатқан аймаққа бара жатқан соң, волонтерлер де өз өмірі үшін алаңдады. Кейін заттарымызды тиеп, қайту керек болған соң, асықтық. Сол кезде жергілікті халық «қашқындар», «неге елді тастап кетіп жатсыңдар» деп уәждерін айтқан. Біз оларға басқа қаладан келген волонтерлер екенімізді айттық. Түсінгендей болды. Мұндай қызық әрі ыңғайсыздау оқиғалар жиі болып тұрады», — дейді Нұрасыл Бекматов.

Шындығында, еліміздегі болсын, әлемдегі болсын волонтерлеге арнайы айлық төленбейді. Олар ерікті ретінде барып көмектесуге дайын жастар тобы. Оларға мемлекет оқуға тасыру кезінде грант беру, жеңілдік жасау, үй алу кезіндегі жеңілдіктер мәселесінде арнайы пункттер қарастырады. Ал жалпы олар бүкіл жұмысты тегін әрі ерікті қалауларымен жасайтынын баса айта кету керек.

Апта талқысында: