Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысымен танысты. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс қарқыны мен көлік жүйесін дамыту бойынша жоспарлар туралы баяндама жасады.
Құрылыс барысы:
Эстакада арқалықтарын орнату аяқталды.
2024 жылдың соңына дейін темірбетон стансаларының құрылысы аяқталады.
2025 жылы рельстер төселіп, стансаларды әрлеу және жылжымалы құрамға арналған депо салынбақ.
Жобаның ерекшеліктері:
Желінің ұзындығы 22,4 км, құрамына 18 станса кіреді.
19 жылжымалы құрам іске қосылып, қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды.
Жолаушылар ағыны тәулігіне бастапқыда 25 мың адам болса, шың уақытта 92 мың адамға жетуі мүмкін.
Құрылысқа қатысатын компаниялар:
Қытайдың алдыңғы қатарлы компаниялары: China Construction Sixth Bureau, Yunnan Construction, Longjian Road, Tianjin Rail Transit және CRRC Tangshan.
Байланыс және автоматтандыру жүйелері HUAWEI Smart Transport және CASCO компанияларымен қамтамасыз етіледі.
Инновациялық шешімдер:
Жоба аяқталған соң, жүргізушісіз пойыздар іске қосылады.
«City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың мәлімдеуінше, LRT желісінің толық іске қосылуы 2025 жылдың соңына жоспарланған.
Олжас Бектенов құрылыс сапасы мен мерзімдерін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.
«Мемлекет басшысы еліміздің көлік жүйесін дамытуға көп көңіл бөледі. LRT жобасы бойынша инфрақұрылымды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, қаражат бөлінді. LRT қала тұрғындарына, елорда қонақтарына қызмет етеді. Құрылыс жұмыстарының қарқыны артып келеді, оларды бәсеңдетпеу маңызды. Жоба ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуы керек. Әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілуі тиіс. Нәтижеге жұмыс істейтін боламыз», — деді Премьер-министр.