Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Ауа райы: 15 қараша еліміздің кей өңірінде күн райы бұзылады

Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы: 15 қараша еліміздің кей өңірінде күн райы бұзылады
фото: pexels.com

Синоптиктер 15 қарашада Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Алматы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Алматыда түнде тұман.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.