Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
15 қараша, 2024 / Көрместі Көрген / Саясат

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге қатысты пікір білдірді

Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің табысы айтарлықтай көп емес

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.

«Сонымен қатар жақында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланды. Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлайтындығын ашық айтты.

«Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын», - деді Мемлекет басшысы.