Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
18 қараша, 2024 / Көрместі Көрген / Қоғам

Қай министрлік жемқорлық бойынша көш бастап тұр?

Антикор қай мемлекеттік органда жемқорлық дерегі көп тіркелгенін айтты

Қай министрлік жемқорлық бойынша көш бастап тұр?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай мемлекеттік органда жемқорлық дерегі көп тіркелгенін атады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта айтылған, деп хабарлайды Taulik.kz.

Антикор жауабына сүйенсек, биыл 10 айда жемқорлықпен әшкереленген адамдардың ең көп саны Ішкі істер министрлігінде (93), Ауыл шаруашылығы министрлігінде (29), Қаржы министрлігінде (27) және Денсаулық сақтау министрлігінде (14).

Айта кетейік, былтыр Ішкі істер министрлігінде 193 адам, Төтенше жағдайлар министрлігінде 31 адам, Қаржы министрлігінде 25 адам, Қорғаныс министрлігінде 17 адам жемқорлық бойынша құқықбұзушылыққа барған. 

Фото-коллаж: Massaget.kz
Фото-коллаж: Massaget.kz.