Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
22 қараша, 2024 / Көрместі Көрген / Қоғам

«Қуанып тұрмын»: депутат Асхат Аймағамбетов көпшілікті қуантып қойды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көпшілікке қуанышты хабарын айтты

«Қуанып тұрмын»: депутат Асхат Аймағамбетов көпшілікті қуантып қойды
Фото: Askhat Aimagambetov / Facebook

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов балалардың қосымша білім алуын қамтамасыз ету және әлеуметтік осал отбасылардың балаларына көмек көрсету мәселесінде жаңа түзетулер қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұған дейін жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардың балалары "Жалпыға міндетті білім беру" қорынан көмек алу мүмкіндігінен айырылған болатын. Енді бұл әділетсіздік жойылып, барлық балалар бірдей қолдауға ие болады.

"Бұған дейін теңсіздік болған. Яғни мемлекеттік мектептердің балалары "Жалпыға міндетті білім беру" қоры арқылы көмек ала алса, жекеменшік мектептердегі балалар бұл мүмкіндіктен айырылған еді. Жекеменшік мектептердің саны өсіп келеді және онда әлеуметтік осал отбасылардың балалары оқып жатыр. Енді бұл әділетсіздік жойылды. Жекеменшік мектептердегі балалар да "Жалпыға міндетті білім беру" қоры арқылы мектеп формасын, оқу құралдарын және басқа да қажеттіліктерге көмек ала алады. Бұл шешім бүкіл ел бойынша ондаған мың отбасын қолдайды", – деді депутат.

Депутаттың айтуынша, қызметін бастаған немесе тоқтатқан ұйым мемлекеттік органдарға хабарлауы тиіс. Сондай-ақ ол бұл мәселе лицензиялау емес, тек жеңілдетілген бақылау шарасы екенін атап өтті. Нәтижесінде бюрократиялық жүктеме артпайды, бірақ жауапкершілік деңгейі еселене түседі.

"Бұл бастамаларды 2022 жылы министрлікте істеген кезде әзірлеген болатынбыз. Сол кезде біз бұл өзгерістердің негізін қаладық, бірақ ұзақ рәсімдерге байланысты оларды толық жүзеге асыруға үлгермедік. Бүгін мен біздің жұмысымыз аяқсыз қалмай, Оқу-ағарту министрлігімен жалғасып, нәтижеге жеткізілгеніне қуанып тұрмын. Бұл мәселеде сабақтастықты көрдік. Бұл шешімдер – балалар қауіпсіздігі, мүмкіндіктер теңдігі және әділеттілік туралы. Осы түзетулерді дайындауға және қолдауға қатысқандардың бәріне алғысымды білдіремін", – деп айтты Асхат Аймағамбетов.