Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Түс жору: түсіңізде сәби көрсеңіз не болады?

Сәби түске енсе, ол сіздің өміріңіздегі маңызды оқиғалардың жақындап қалғанының белгісі болуы мүмкін. Жылап тұрған сәби қиындықты меңзесе, күлімдеп отырған сәби – отбасыңызға береке мен қуаныш әкеледі.

Түс жору: түсіңізде сәби көрсеңіз не болады?
Фото: vk.com

Миллердің түс жоруы бойынша, жылап жатқан сәби – жұмыстағы қиындықтар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің белгісі. Егер түсіңізде сәби аяққа тұрып, жүре бастаса, бұл сіздің өміріңізде еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізетініңізді аңғартады, яғни қысым көрсетіп жүрген адамдардан құтыласыз. Бөтен баланы бағып жүргеніңізді көрсеңіз, жақын адамдарыңыздың сатқындығына тап болуыңыз мүмкін. Түсіңізге қыз сәби кірсе – отбасыңызға береке мен тыныштық келеді, ал ұл сәби кірсе, біреуден қамқорлық пен қолдау күтіңіз.

Фрейдтің түс жоруы бойынша, сәби отбасының тыныштығы мен бақытын білдіреді. Егер түсіңізде сәби жыласа, бұл қиындықтар мен кедергілердің белгісі. Ал баланы қолыңызға алып тербетсеңіз, біреу сіздің жақсылығыңызды өз мүддесіне пайдалануы мүмкін. Егер бірнеше сәби көрсеңіз, бұл отбасыңыздағы татулық пен бірліктің белгісі.

Қазақ дәстүрінде, түсіңізге сәби кірсе, бұл сіздің немесе жақын туысыңыздың жақын арада балалы болу мүмкіндігін көрсетеді.