Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
2 желтоқсан, 2024 / Асемай Талғатқызы / Әлем

Сериал үшін өлім жазасына кесілді: Солтүстік Кореядағы заңдар

Солтүстік Корея - әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірі. Бұл елдің заңдары өте қатаң, кейде ақылға қонымсыз болады. Мұндағы кейбір тыйымдар мен шектеулер тек ауызша ережелермен бекітіледі, ал оларды бұзу ауыр жазаларға әкелуі мүмкін.

Сериал үшін өлім жазасына кесілді: Солтүстік Кореядағы заңдар
Фото: KCNA

Солтүстік Кореяда адамның киімінен бастап, шаш үлгісіне, қандай фильм көруіне және қайда баруына дейін қатаң бақыланады. Бұл материалда Taulik.kz елдегі шектеулер мен заңдар туралы ақпарат ұсынады.

Дін

Фото: Lee Jae Won / Reuters

Солтүстік Корея Конституциясында дін бостандығы жарияланғанымен, шын мәнінде елде ешқандай дін жоқ. Христиандық бір кездері қатты қысымға ұшырап, христиандар жойылған. Библия немесе Құран оқығаны үшін түрмеге жабылып, тіпті өлім жазасына кесілген жағдайлар да болған. Дінге қатысты кез келген атрибутика қатаң тыйым салынған.

Әлеуметтік топтарға бөліну

Фото: ВПП/ С.Бухр

1957 жылдан бері Солтүстік Корея халқы әлеуметтік және қаржылық жағдайларына қарай үш топқа бөлінеді:

Бірінші топ ( "қызанақтар") – партияға адалдығын дәлелдеген элита. Олар жұмыс, оқу және жоғары мемлекеттік қызметтерді таңдай алады.

Екінші топ ("алма") – орта деңгейлі азаматтар.

Үшінші топ ("жүзім") – қылмыскерлер, саяси және азаматтық белсенділер, сондай-ақ олардың туыстары, достары мен таныстары. Қылмыскер деп танылу оңай, мысалы, шетелге қоңырау шалу жеткілікті.

Әрбір азаматтың әлеуметтік мәртебесі "сонбун" деп аталады және 17 жасқа толғанда жеке ісіне енгізіледі. Бұл мәртебе адамның өмірінің түрлі аспектілеріне әсер етеді.

Аза тұту күні

Фото: Reuters

Ким Чен Ирдің өліміне байланысты корейліктер 100 күн бойы жылауға мәжбүр болды. Сол уақытта бүкіл ел "депрессияға" түсті.

Егер кімде-кім өз қайғысын көрсетпесе, тізерлеп отырып жыламаса немесе көшбасшыны қатты дауыспен жоқтамаса, билік оны еңбек лагеріне жіберуі немесе өлім жазасына кесуі мүмкін еді.

Сонымен қатар, Ким Чен Ынның заңдарына сәйкес, азаматтарға қайтыс болған жақын туыстарын жоқтауға тыйым салынған.

Сериал көру

www.bbc.com

2013 жылы шамамен 60 Солтүстік Корея азаматы оңтүстіккореялық сериалдар көргені үшін өлім жазасына кесілген. 2014 жылы тағы 50 адам, оның ішінде 10 шенеунік, осы үшін жазаланған.

Бақытты болуға тыйым салу

Фото: KCNA

2021 жылы Ким Чен Ын билігінің 10 жылдығын атап өту және әкесінің қайтыс болған күніне байланысты, 11 күн бойы күлкіге, дауыстап сөйлеуге және туған күндерді тойлауға тыйым салынды.

Шетелге қоңырау шалу

Фото: Christian Petersen-Clausen

Солтүстік Кореяда ұялы телефондар кең таралғанымен, халықаралық қоңырау шалу немесе ел ішіндегі шетелдікке қоңырау шалу мүмкін емес. Барлық SIM-карталар тек ішкі байланыс үшін арналған.

Шаш үлгілері

obozrevatel.com

Елде шаш үлгілеріне қатысты нақты бекітілген ережелер бар. 2013 жылы әйелдер үшін 18, ал ерлер үшін 10 түрлі шаш үлгісі ресми түрде бекітілген. Азаматтарға тек осы тізімдегі үлгілерді таңдап, қолдануға рұқсат етілген.

Сенім анты

ФОТО: Сергей Савостьянов/ТАСС

Солтүстік Корея тұрғындары ел мен көшбасшыға адал болуға ант беруге міндетті. Әр үйде Ким Чен Ир мен Ким Ир Сеннің портреттері болуы керек. Бұл портреттер таза және шаңсыз күйде сақталуы міндетті.

Үш ұрпақтың жазасы


Егер азамат қылмыс жасаса, өзін ғана емес, оның барлық отбасы мүшелерін үш ұрпаққа дейін өлім жазасына кесуі мүмкін. Тіпті болмашы құқық бұзушылықтар үшін де тұтас отбасылар қатаң жазаланып отырған.

Некелер

©AP/TASS

Солтүстік Кореядағы некелер елдің бақылауында. Әлеуметтік топтардың өкілдері арасындағы некелер үкіметтің мақұлдауынан өтуі керек. Кейбір некелер рұқсат етілмеуі мүмкін.