Боксшы Дина Жоламан марапаттау рәсіміне ұлттық киіммен келді

Боксшы Дина Жоламан марапаттау рәсіміне ұлттық киіммен келді

ашық дереккөзі

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған спортшыларды марапаттады. Марапаттау рәсіміне чемпион Дина Жоламан қазақтың ұлттық киімін киіп келді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлем чемпионатында жұлде алған боксшыларды марапаттау рәсіміне Кеңес Рақышевтан бөлек, ҚБФ атқарушы директоры Азиз Қожамбетов, республикалық Спортты дамыту дирекциясының директоры және ҚБФ вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Ержан Қосмамбетов қатысты. Олар боксшыларға, олардың бапкерлері мен Ұлттық құрамадағы кешенді-ғылыми топ өкілдеріне қаржылай сертификат табыстады. Үздік боксшылар ақшалай сертификаттар мен соңғы үлгідегі ұялы телефонға ие болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алуа Балқыбековаға 30 000 АҚШ доллары табысталды. Ал қола жүлдегерлер – Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзоваға 10 000 АҚШ доллары берілді. Шамиль Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар штабының өкілдері, жеке жаттықтырушылар мен ғылыми топ 800-ден 1 300 АҚШ долларына дейін сыйақы алды.

Loading...