Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
13 қаңтар, 2025 / Көрместі Көрген / Қоғам

Шерзаттың отбасының үйін кім салып береді: құқық қорғаушы жауап берді

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді: Шерзат Болаттың отбасына арналған үй жеке меценаттың қаржысына салынады.

Шерзаттың отбасының үйін кім салып береді: құқық қорғаушы жауап берді
Иллюстрация: Mila Grabowski / Медиазона

Айтбек Амангелді Шерзат Болаттың отбасына арналған баспананың қайырымды азаматтың қаражатына тұрғызылатынын мәлімдеді. 

Құқық қорғаушының айтуынша, бұл үй құрылысының миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайратқа немесе оның қорына еш қатысы жоқ.

"Шерзат Болаттың отбасы үшін үй жеке меценаттың қаражатына салынады. Перизат Қайраттың жинаған қаржысы бұл жобаға жұмсалмайды. Біз бұл жинаққа араласпаймыз және оның реквизиттері туралы мәліметіміз жоқ. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі реквизиттер таралуда, сондықтан алаяқтық әрекеттерге ұрынбауларыңызды сұраймыз. Егер нақты ақпарат қажет болса, тікелей Перизат Қайраттың өзімен байланысқаныңыз жөн. Оның жинақ қаражатының қандай мақсатта жиналғаны бізге белгісіз", – деді Айтбек Амангелді.

Сондай-ақ, құқық қорғаушы Перизат Қайраттың жеке адвокаттарының бар екенін атап өтті.

"Перизат Қайрат біздің қамқорлығымыздағы тұлға емес және бізге сенім білдіруші емес. Сондықтан оның жинағын Шерзат Болаттың отбасы мәселесімен немесе біздің әрекеттерімізбен байланыстырмауларыңызды сұраймыз", – деп қорытындылады құқық қорғаушы.