logo
search
menu

Антикор Қызылорда филормониясында ірі қылмыстық фактіні тіркеді

Қызылорда филармониясында іске асырылмақ болған жемқорлық фактісі

13 қаңтар, 2025
Антикор Қызылорда филормониясында ірі қылмыстық фактіні тіркеді
Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

Мазмұны

    Қызылорда облысының облыстық филармониясы 6 млн тұратын 300 қабырға суретін 48 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының  Антикоры.

    Құжаттарда әр картинаның құны 160 мың теңге (303,4 доллар) екендігі көрсетілген, бірақ іс жүзінде құны небәрі 20 мың (37,9 доллар) болды. Нәтижесінде баға айырмашылығы 42 миллион теңгені (79,6 мың доллар) құрады.

    Жалпы, Қазақстанның Антикоры мемлекетке сатып алулардан 55 миллиард теңге үнемдеді.Бұл Атамекен ҰКП-ның "Бірыңғай сатып алу терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жоспарлы бағаларын арттыру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына мониторинг жүргізу жобасының арқасында мүмкін болды.

    "2024 жылдың қорытындысы бойынша сомасы 55,1 млрд теңгені асыра бағалауға жол берілмеді, оның жартысы – 26 млрд теңге (немесе 47%) бюджетке қайтарылды, - деді Антикор.
                                                                                                         

    Зере ДАСТАН,
                                                                                           "Тұран" университеті
    Журналистика факультетінің 4 курс студенті.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы