"Келешек" бағдарламасы дегеніміз не?
Қазақстанда балалардың білім алуына қаражат жинауға мүмкіндік беретін "Келешек" бағдарламасы іске қосылды. Бұл жүйе 5 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға ел ішінде және шетелде білім беру қызметтеріне қаражат жинауды көздейді. Бағдарламаның арқасында жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім алу шығындарын тиімді жоспарлауға болады.
"Келешек" бағдарламасының артықшылықтары
Бастапқы білім беру капиталы:
- 5 жасқа толған балаларға мемлекет тарапынан 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде қаражат бөлінеді.
- Жетім балалар үшін бұл сома екі есе көп – 120 АЕК (471 840 теңге).
Қаржы өсімі:
- Банктерден депозиттер бойынша сыйақы немесе сақтандыру компанияларының инвестициялық кірісі.
- Жыл сайын мемлекет тарапынан 5-7% көлемінде сыйақы беріледі.
Шот ашу мүмкіндігі:
- Шоттарды екінші деңгейдегі банктерде немесе балаларға арналған мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.
Ата-аналар үшін талаптар:
- Ата-аналар жыл сайын Халықтың әлеуметтік осал тобына (ХӘОТ) жататын балалар үшін 12 АЕК (шамамен 4 000 теңге), ал басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна аударуы қажет.
Жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады?
Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты келесі мақсаттарға жұмсауға болады:
- Колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға.
- Білім грантына ие болған жағдайда:
- Басқа жоғары немесе техникалық білім алуға;
- Жинақтауды жалғастыруға;
- Қаражатты басқа адамға (ҚР азаматы) аударуға;
- Тұрғын үй сатып алуға;
- Білім алу туралы құжатты ұсыну арқылы қаражатты шешіп алуға.
Томирис ҚУАНЫШЕВА,
"Тұран" университеті
Журналистика факультетінің 4 курс студенті.