logo
search
menu

Отбасы банк: 2025 жылы мемлекеттік сыйақыға байланысты қандай өзгерістерді білуіміз қажет?

Отбасы банкінде әр отбасы мүшесі жеке депозит ашып пайдалану арқылы жыл сайын мемлекеттік сыйақы алуға болады.

14 қаңтар, 2025
Отбасы банк: 2025 жылы мемлекеттік сыйақыға байланысты қандай өзгерістерді білуіміз қажет?
Фото: shutterstock.com

Мазмұны

    Отбасы банк салымшылары жылына бір рет мемлекеттен 20% сыйақы алады. Сыйлықақы айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты. Яғни депозитке қосылған ақша мөлшерінің 200 АЕК-ке дейінгі бөлігінен есептеледі.

    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңге болады. Бұл 6,5%-ға, биылғы жылдың АЕК көрсеткішінен 240 теңгеге артық.

    Өткен жылы мемлекеттік сыйақының максималды мөлшері 147 680 теңге болды. Бұл сыйақыны алу үшін салымшы депозитін жыл ішінде кемінде 738 400 теңгеге толтыруы тиіс еді (2024 жылғы 1 АЕК – 3 692 теңге).

    Ал 2025 жылы мемлекеттік сыйақы 157 280 теңгеге дейін өседі. Алайда, оны алу үшін депозитке кемінде 786 400 теңге салу қажет болады (2025 жылғы 1 АЕК – 3 932 теңге, бұл 200 АЕК-ке тең).

    Отбасы банкінде әр отбасы мүшесі жеке депозит ашып пайдалану арқылы жыл сайын мемлекеттік сыйақы алуға болады. Қажетті соманы жинаған соң, депозиттерді біріктіріп, мемлекеттік қолдау арқылы ипотека алуға мүмкіндік бар.

    МРП көрсеткішінің өсуі тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаларының кезектегілеріне және қатысушыларына да әсер етеді. Жаңа тұрғын үй реформасының ережелері бойынша, отбасының табысына байланысты мемлекеттік көмек мүмкіндігі анықталады:

    • Егер отбасы мүшесіне шаққанда табыс бір өмір сүру минимумынан аспаса (яғни, әрбір отбасы мүшесіне айына 46 228 теңге немесе одан аз түсетін болса), онда мемлекет бұл жағдайда арендалық төлемнің 50%-ын субсидиялайды немесе әкімдіктен арендалық тұрғын үй ұсынады.
    • Егер отбасының табысы жоғары болса, онда олар жеңілдетілген ипотека ала алады, бұл жағдайда пайыздық мөлшерлеме 2%-9% аралығында болады.

    «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптар:

    • Ай сайынғы табысы 157 280 теңгеден (40 АЕК) кем болмауы керек.
    • Сонымен қатар, Отбасы банкінде депозитте жыл сайын 70 АЕК жинақталуы тиіс. Бұл дегеніміз, арендалық пәтер алғаннан кейін, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап депозитке кемінде 275 240 теңге салу қажет.

    Тек осы шартты орындағаннан кейін ғана аренда келісімшарты келесі жылға дейін ұзартылып, ең көбі 3 жыл уақытқа жалға беріледі.

    Жанерке МҰРАТ,

    "Тұран" университеті

    Журналистика факультетінің 4 курс студенті.