logo
search
menu

Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Қазақстанға жеткізілді

Бұған дейін қара жәшіктер Бразилияның CENIPA орталығына сараптама үшін жіберілген болатын.

15 қаңтар, 2025
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Қазақстанға жеткізілді
Фото: ТЖМ

Мазмұны

    Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының борттық өздігінен жазғыштары (қара жәшіктері) Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Апат орын алған күні арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, оның құрамына қара жәшіктердің шифрын ашу міндеті жүктелді. Бұл шара Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясының стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Бұған дейін қара жәшіктер Бразилияның CENIPA орталығына сараптама үшін жіберілген болатын.

    Ресей Бас прокуратурасының мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның толық әрі объективті зерттелуін қамтамасыз ету үшін жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, Әзербайжан мен Ресейге халықаралық тергеу тапсырмалары жолданған.

    Айжан ЖАРАСБЕКОВА,

    "Тұран" университеті

    Журналистика факультетінің 4 курс студенті.