logo
search
menu

«Жаратқанның қалауы»: танымал қазақ футболшысының отбасы жол апатына ұшыраған

Қазақстандық танымал футболшы Бауыржан Исламханның отбасы желтоқсан айында орын алған жол апатынан аман қалды.

17 қаңтар, 2025
«Жаратқанның қалауы»: танымал қазақ футболшысының отбасы жол апатына ұшыраған
Фото: kff.kz

Мазмұны

    Бұл туралы футболшының жары әлеуметтік желіде хабарлады. Оқиға Тараз-Шымкент тас жолында желтоқсанның 16-сына қараған түні болған.

    «Өмірімді түбегейлі өзгерткен оқиғаға бір ай толды. Бұл туралы жазсам ба, жазбасам ба деп көп ойландым. Барлығы қайда жоғалып кеттің деп сұрап жатыр. Бұрын көбінесе демалысқа кетсем немесе өмірімде бәрі жақсы болса, әлеуметтік желіде аз көрінетінмін. Бірақ бұл жолы басқа себеп», – деп бөлісті футболшының жары.

    Оның айтуынша, сол түнде бүкіл отбасы көлік апатына түсіп, бір ғажайыптың арқасында аман қалған.

    «Бұл – Жаратқанның қалауы, ғажайыбы. Отбасымызға көз тиді ме, әлде сөз тиді ме, білмеймін. Бір өлімнен аман қалдық. Бұл оқиғаны өмірдің тағы бір сынағы деп қабылдаймын», – деп жазды ол.