logo
search
menu

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысының нәтижесі қашан белгілі болады?

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы келесі аптада жарияланбақ

Бүгін, 12:18
Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысының нәтижесі қашан белгілі болады?
Фото: ТЖМ

Мазмұны

    Ақтау маңында орын алған ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері келесі аптада жариялануы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қанат Бозымбаев журналистердің сауалдарына жауап беріп, қазіргі уақытта қара жәшіктің аудиожазбалары зерттеліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, ұшақтың жұмыс режимдері тексеріліп, оларды нақты деректермен сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

    "Бұл – күрделі процесс. Жазбалардағы дауыстардың кімге тиесілі екені, қай уақытта не айтылғаны, кім қандай бұйрық бергені секілді мәліметтерді нақтылау қажет. Менің ойымша, бұл жұмыстар келесі аптада аяқталады," – деді вице-премьер.

    Оның айтуынша, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) талаптарына сәйкес, апатқа қатысты алдын ала тергеу қорытындылары бір ай ішінде жариялануы тиіс. Бозымбаевтың мәлімдеуінше, Көлік министрлігі бұл ақпаратты көпшілікке ұсынуға дайындалып жатыр.

    Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын.

    Томирис ҚУАНЫШЕВА,
    "Тұран" университеті
    Журналистика факультетінің 4 курс студенті.

     

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы