Қазгидромет мамандары 25-27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағында жоғары қысымның әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.
Елдің көп бөлігінде түнде ауа температурасы біртіндеп 12-23 градусқа дейін төмендеп, күндіз 5-13 градус аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0-10 градус суық болса, таулы аудандарда 13-18 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндізгі температура 3-8 градус жылы, ал таулы жерлерде 0-5 градус аяз болады. Батыс Қазақстанда түнде 7-17 градус аяз байқалса, күндіз температура 6 градус аяздан 2 градус жылыға дейін көтеріледі, – делінген хабарламада.