АТУ IT мамандарын даярлауда сапалы білім беру бағдарламалары мен заманауи зертханалық орталықтарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Университетте IT және инженерлік технологияларға бағытталған зертханалар жұмыс істейді, олар студенттердің теориялық білімін практикалық дағдылармен ұштастыруына мүмкіндік береді.
Білімі мен білігі жарасқан кафедра
Кафедра «Ақпараттық жүйелер» 2-Б корпусындағы 304-кабинетте орналасқан. Жалпы, кафедра құрамында 13 оқу кабинеті бар, оның ішінде:
- 5 зертханалық кабинет (Apple Lab, Huawei ICT Academy, SmartTech, Cisco Networking Academy, VR/AR Lab);
- 2 компьютерлік кабинет;
- 5 аудиториялық кабинет;
- 1 студенттік орталық (Jastar Innovation).
Зертханалық кабинеттердің ерекшеліктері
Apple Lab (312-2Б) – 2021 жылдың 17 наурызында ашылған. Бұл зертхана Apple Authorized Training Center рұқсатын алу және SWIFT бағдарламалау курстарын оқыту мақсатында құрылды. Студенттер MacOS платформасында қосымшалар әзірлеу бойынша тәжірибе алады.
Cisco Networking Academy (310-2Б) – 2021 жылдың 1 ақпанында ашылды. Мұнда студенттер Cisco желілік технологияларын меңгеріп, халықаралық сертификат алу мүмкіндігіне ие.
Huawei ICT Academy (316-2Б) – 2021 жылдың 29 қазанында іске қосылды. Бұл зертхана Huawei компаниясының қолдауымен ашылған және халықаралық сертификатталған курстарды ұсынады.
SmartTech (303-2Б) – 2023 жылдың 9 қыркүйегінде ашылған. Бұл зертхана микроконтроллерлер арқылы смарт-технологияларды дамытуға бағытталған. VR/AR Lab (318-2Б) – 2023 жылдың 9 қыркүйегінде іске қосылған. Студенттер виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары бойынша зерттеулер жүргізіп, өз жобаларын дамытуға мүмкіндік алады.
Профессорлық-оқытушылық құрамның IT саласын дамытуға қосқан үлесі
АТУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы IT саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Университет оқытушылары жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс атқарады. «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының лекторы Абдуллаева Айнур Аскаровна IT білімін жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Ол бірқатар семинарларға қатысып, оқу процесін жандандыруда заманауи технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Қорытынды
Қазақстандағы IT саласы жоғары қарқынмен дамып келеді және бұл үрдіс болашақта жалғасын табары сөзсіз. Алматы технологиялық университеті өз кезегінде бұл дамуға өз үлесін қосып, заманауи зертханалық орталықтар мен білікті мамандарды даярлау арқылы елдің IT саласына серпін беруде. Университет студенттері үшін зерттеу, тәжірибе және инновациямен айналысуға барынша қолайлы жағдай жасалған.
Нұрлан Нұржігіт Мақсұтұлы,
Инжинирнг және ақпараттық технологиялар факультеті
Мамандығы: Ақпараттық жүйелер, ИС 24-15 оқу тобы.