logo
search
menu

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін төлемдер ұлғайтылды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Жеңістің 80 жылдығына орай біржолғы төлемдер ұлғайтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Бүгін, 17:51
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін төлемдер ұлғайтылды
ашық дереккөзден

Мазмұны

    «Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес Жеңістің 80 жылдығына арналған төлемдер көлемі ұлғайтылды. Бұл шешім Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды», – делінген хабарламада.

    Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңгеден төленеді (бұған дейін 50 мың теңге болған). Төлемдерді алу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ – қаражат автоматты түрде аударылады.

    Бүгінде Алматы қаласында 21 ҰОС ардагері және 6149 тыл еңбеккері тұрады.

    Айта кетейік, 2022 жылдан бастап төлем мөлшері жыл сайын ұлғайтылып келеді. Өткен жылы ардагерлерге 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.

    user

    Меркіт Жоламан

    Taulik.kz порталының тілшісі