logo
search
menu

Қазақстанда пәтерді сатқаннан кейін де айыппұл салынады – қалай?

Қазақстанда пәтерді сатқаннан кейін қандай себептермен айыппұл салынады?

15 маусым, 2025
Қазақстанда пәтерді сатқаннан кейін де айыппұл салынады – қалай?

Мазмұны

    Қазақстанда баспананы сатып немесе сатып алғаннан кейін көпшіліктің ескере бермейтін бір маңызды мәселесі бар – мекенжай бойынша тіркеу (прописка). Бұл жай ғана формалдылық емес – заңмен бекітілген міндет және елемеу салдары айыппұлға дейін апаруы мүмкін.

    Прописка не үшін маңызды?

    Тіркеу – көші-қон қызметі мен құқық қорғау органдары үшін азаматтардың нақты тұрып жатқан жерін білуге мүмкіндік беретін негізгі құрал. Прописка болмаса, сіз немесе балаңыз:

    Балабақша мен мектепке бара алмайсыз;

    Поликлиникаға тіркелмейсіз;

    Мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайсыз;

    Тіпті тұрғын үй кезегіне тұру да мүмкін емес.

    Үйді сатқанда – міндетті түрде шығу керек пе?

    Көп адам ойлайды: "Үйді сатсам, автоматты түрде тіркеуден шығарыламын". Бұл – қате пікір.
    Заң бойынша, үй сатқан соң арнайы түрде тіркеуден шығу міндетті емес, егер тек шетелге тұрақты тұруға кетпесеңіз (ПМЖ). Сол кезде ғана арнайы "лист убытия" рәсімделеді.

    Бірақ, егер жаңа мекенжайға көшсеңіз, 30 күн ішінде сол жаңа мекенжайда тіркелуіңіз міндетті. Әйтпесе, айыппұл арқалауыңыз мүмкін.

    Жаңа қожайын не істей алады?

    Жаңа үй иесі үйде бұрын тіркелген, бірақ онда тұрмайтын барлық адамдарды тіркеуден шығара алады – оның ішінде алдыңғы қожайындар да бар. Бұл үшін олардың келісімі қажет емес. Бұл – заңмен рұқсат етілген мүмкіндік.

    Егер үйде тіркелген адамдар нақты тұрмайтын болса, бұл фиктивті тіркеу болып есептеледі. Нәтижесінде, жаңа қожайынның өзіне айыппұл салынады.

    2025 жылғы айыппұл мөлшері

    Прописка жасамағандар үшін – 30 күн ішінде тіркелмеген жағдайда:

    7 АЕК (27 524 теңге);

    Қайталанса – 13 АЕК (51 116 теңге).

    Фиктивті тіркеу үшін (үйінде тұрмайтындарды тіркеуде ұстау):

    10 АЕК (39 320 теңге).

    Қалай тексеруге болады?

    Кімнің сіздің үйіңізге тіркелгенін білу үшін:

    eGov.kz сайтына кіріңіз;

    Немесе eGov Mobile қосымшасын жүктеңіз.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы