«Қазпошта» енді бұрынғы ғашығыңның да сәлемдемесін шапалақпен жеткізіп береді
Ұлттық пошта операторы — "Қазпошта" креативті жарнамасымен жұртты таңғалдырды. Роликте курьер ер адамға "бұрынғыдан келген жеткізуді" табыстайды — бұл бетке салып жіберілген шапалақ. Ер адам не болып жатқанын түсінбей тұрған сәтте, курьер жымиып:
«Біз эмоция жеткіземіз», — дейді.
Әлеуметтік желі қолданушылары роликтегі юморды жоғары бағалады, бірақ сын да айтылмай қалған жоқ. Бірі әзілдеп:
«Ондай қызмет қанша тұрады?» десе, енді бірі ашуланып:
«Ол қазір тұрмыста, ал мұнда – “жеткізіп” жатыр», — деп пікір қалдырды.
Ролик вирусқа айналып, желіде тез тарады.
Бұл расында ұсынылатын қызмет пе, әлде тек маркетингтік қадам ба — әзірге нақты жауап жоқ.