logo
search
menu
АҚШ билігі іштен ыдырай бастады ма? – вице-президент Израильді айыптап отыр
Дональд Трамп және Джеймс Дэвид Вэнс (Фото: Gaelen Morse / Reuters)

АҚШ билігі іштен ыдырай бастады ма? – вице-президент Израильді айыптап отыр

Израиль Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы шұғыл әскери әрекетке баруға бел буып отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі Тель-Авив пен Вашингтондағы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады. Израиль тарапы Ирандағы Fordow ядролық объектісіне шабуыл жасауды қарастырып жатқанын ашық мәлімдеген.

Дегенмен, бұл ниет АҚШ әкімшілігі ішінде келіспеушілік тудырып отыр. Израиль тарабы вице-президент Джей Ди Вэнс пен қорғаныс министрі Пит Хегсетке тікелей хабарласып, АҚШ-тың шұғыл шешім қабылдауын талап еткен. Алайда АҚШ билігі «екі апта ішінде» шешім шығарамыз деп созып келеді. Бұл сөз Израиль үшін тым ұзақ күтуді білдіреді.

Reuters мәліметінше, АҚШ өз тарапынан B-2 стратегиялық бомбалағыштарын Гуам аралына орналастырып үлгерген. Бірақ бұл әскери дайындық нақты әрекетке ұласатыны белгісіз. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ тарапынан нақты қолдау болмаған жағдайда, Израиль өзі жалғыз әрекет етуге дайын екенінжеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, Израильге Fordow секілді терең жер астында орналасқан ядролық нысанды жою үшін АҚШ-тың логистикалық, барлау және технологиялық көмегі қажет. Мұндай соққы Иранның ядролық бағдарламасын тек уақытша тоқтатуы мүмкін. Себебі Тегеран оны қайта жаңғыртуға дайын.

Иран өз кезегінде ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін мәлімдеп отыр. Ресми Тегеран Израильдің әрекетін «арандатушылық» деп бағалап, мұндай шабуылға қатаң жауап беретінін ескертті.

Айта кету керек, Fordow – Иранның ең қорғалған ядролық объектілерінің бірі. Ол жер астында орналасқан және онда жоғары байытылған уран өндіру процесі жүргізіледі. Израиль бұл кешеннің ядролық қару жасауға жол ашатынына сенімді.

Батыс сарапшылары бұл жағдайды Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстың жаңа кезеңі деп бағалап отыр. Екі ел арасындағы текетірестің ушығуы Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдік қауіпсіздік үшін үлкен қатер тудыруы мүмкін. АҚШ бұл жағдайға араласқан жағдайда, өңірлік соғыс жаһандық дағдарысқа ұласуы ғажап емес.