Иран АҚШ базаларына ресми түрде әскер операция бастағанын мәлімдеді
2025 жылғы 23 маусым, ТЕГЕРАН / ДОХА — Иран мемлекеттік теледидары бүгін таңертең маңызды мәлімдеме жасады. Елдің Қарулы күштері Катар аумағында орналасқан АҚШ-тың ең ірі әскери базасы — Аль-Удейдке қарсы «Баракат аль-Фатах» атты әскери операцияны бастағанын ресми түрде хабарлады.
Иран тарапы бұл операцияны АҚШ-тың Тегеранның ядролық нысандарына жасаған шабуылына жауап ретінде жүзеге асырып отырғанын мәлімдеді. Сөйтіп, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс жаңа деңгейге көтеріліп отыр.
«Баракат аль-Фатах» — парсы тілінен аударғанда «Жеңістің берекесі» деген мағына береді. Ирандық ақпарат көздерінің айтуынша, операция бірнеше кезеңнен тұрады және оның басты мақсаты — АҚШ-тың аймақтағы әскери ықпалын әлсірету мен Иранның қорғаныс әлеуетін көрсету.
Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары келесі мәліметтерді жариялады:
Аль-Удейд базасына кемінде он баллистикалық зымыран ұшырылған;
Соққылар логистикалық қоймаларға, командалық орталықтарға және ұшқышсыз аппараттар жүйесіне бағытталған;
Иран Катар билігіне азаматтық инфрақұрылымға зиян келтірмеу үшін алдын ала ескерту жасағанын мәлімдеді.
АҚШ қорғаныс министрлігі (Пентагон) қазіргі уақытта шабуыл салдарын бағалап жатқанын, база қызметкерлері бомбадан қорғанатын укрытиеге көшірілгенін растады. Жапа шеккендер туралы нақты мәлімет әлі жарияланған жоқ.
Катар сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіретін қадам ретінде бағалап, тараптарды сабырға шақырды.
Саяси сарапшылардың пікірінше, бұл шабуыл — тек әскери жауап емес, Иран тарапынан стратегиялық символдық әрекет. Аль-Удейд базасы — АҚШ-тың Таяу Шығыстағы басты әскери хабы. Бұл жерден:
Ирак, Сирия, Йемендегі операциялар үйлестіріледі;
10 000-нан астам АҚШ әскери қызметкері тұрақты қызмет етеді;
База құрамында B-52 стратегиялық бомбалаушылары мен дрондар орналасқан.
«Баракат аль-Фатах» операциясы Иран мен АҚШ арасындағы жанжалдың тікелей әскери фазаға өткенін көрсетіп отыр. Бұл шабуыл:
Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ секілді Парсы шығанағы елдерін сақтыққа итермелесе;
Израиль мен Иран арасындағы шиеленісті де ушықтыруы мүмкін;
Әлемдік мұнай бағасына әсер етіп, экономикалық тұрақсыздыққа жол ашуы ықтимал.