logo
search
menu
АҚШ-тың Сириядағы әскери базасы соғыс жағдайына келтірілді (ВИДЕО )
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Сириядағы әскери базасы соғыс жағдайына келтірілді (ВИДЕО )

АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығысындағы әскери базасы толық жауынгерлік дайындық жағдайына келтірілді, деп хабарлайды Reuters. 

Reuters ақпарат агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, Иран Катардағы нысандарға шабуыл жасалардан бірнеше сағат бұрын АҚШ-ты екі дипломатиялық арна арқылы ескерткен.

Агенттіктің мәліметінше, Тегеран сонымен қатар Доха билігін де алдағы шабуылдар туралы алдын ала хабардар еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Катар билігі АҚШ басқаратын шетелдік әскери базаның Иран шабуылына дейін эвакуацияланғанын хабарлаған еді. Бұл Иран шабуылының символдық мәні басым болғанын көрсетеді — нақты қарымта жауаптан гөрі ескерту сипатында жасалған әрекет.

Айта кету керек, 2020 жылы Иран генерал Касем Сулейманидің АҚШ тарапынан өлтірілуінен кейін Ирактағы америкалық әскери базаларға зымырандық шабуыл жасайтынын алдын ала хабарлаған болатын. Сол жолы да америкалық әскерилер уақытында укрытиеге көшіріліп, адам шығыны болмаған.