Ермұхамед Мәуленді жұмыстан кетірген "бір кісі" кім?
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, журналист Нұрсұлтан Құрман "Спорт пульс" деп аталатын подкастта футболдағы көп мәселе туралы айтып берді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Подкаст барысында Нұрсұлтан Құрман әріптесі әрі жақында ғана "жұмыстан кеттім" деп мәлімдеме жасаған ҚФФ баспасөз хатшысы, ҚФФ бұрынғы президенті Әділет Бәрменқұловтың кеңесшісі Ермұхамед Мәулен туралы айтты.
"Ермұхаммед Мәулент Әділет Назарбайұлы Бәрменқұловтың кеңесшісі болды ғой. Кейін Әділет Назарбайұлы федерациядан кеткеннен кейін толыққанды кадрлар ауысады. Ермаштың 1-2 айға қалған келісімшарты болды. Ары қарай кейбір нәрселерді айтпай-ақ қояйын, кіммен, не болғанын. Оған да кету керек қой енді? Өйткені ол экс-президенттің кеңесшісі. Мен Ермұхамедпен сөйлестім", - дейді қазіргі ҚФФ кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман.
Оның айтуынша, Ермұхамед Мәуленге әлдебір кісі "сені көргісі келмейді" деген сөз айтқан. Оны қазіргі кеңесші "қысқасы сен бара бер" деген ойды айтқан деп түйіндейді. Бірақ ол кісінің кім екенін подкаст барысында айтпады. Себебі ол қазір ҚФФ-да емес екен.