logo
search
menu
Мұрат Нұртілеу Лавровпен Қырғызстанда не үшін кездесті?
Фото: ашық дереккөз

Мұрат Нұртілеу Лавровпен Қырғызстанда не үшін кездесті?

Шолпан-Ата, 2025 жылғы маусым. Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Әңгіме негізінен саяси және экономикалық серіктестік, транзиттік-көлік дәліздері, энергетикалық байланыстар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды.

«Тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың алдағы кестесін нақтылады», – делінген Сыртқы істер министрлігінің ресми хабарламасында.

Кездесу конструктивті рухта өтті және тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілді екендерін білдірді.