logo
search
menu
Белгілі журналист қарлығаш ұясын бұзбаған Асқарды жұмысқа алатынын айтты
Фото: коллаж Taulik.kz

Белгілі журналист қарлығаш ұясын бұзбаған Асқарды жұмысқа алатынын айтты

Қарлығаш ұясын бұзудан бас тартып, жұмысынан өз еркімен кеткен Асқарды белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай жұмысқа аламын деп жазба қалдырды. Ол Taulik.kz инстаграм әлеуметтік желісіне шыққан видеоны бөлісіп, өзіне жазба қалдырған.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың инстаграм әлеуметтік желісінің скрині.

Бауырым, нағыз ерсіз! Жұмыстан шығарып жатса, мен сізді жұмысқа аламын, - деген журналист өзінің байланыс нөмірінде қалдырған екен.

Айта кетейік, бұған дейін Асқар деген азамат қарлығаш ұя салған жерді топырақпен көмуден бас тартып, өз еркінен жұмыстан шыққаны туралы жазған болатынбыз. 

Тағы оқыңыз:  Қарлығаш ұясын бұза алмаған Асқар өз еркімен жұмыстан шықты (ВИДЕО)