Ресей әлемде алғашқы болып Ауғанстандағы «Талибан» билігін ресми түрде мойындады
РФ Кабулды 2021 жылғы тамызда билікке келген жаңа ауған басшыларын әлемде алғаш болып ресми түрде таныды. Олардың билікке келуімен мемлекет «Ауғанстан Ислам Әмірлігі» деп аталды. Бұл туралы Taulik.kz сайты Arasha.kz редакциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Кремль шешімі 3 шілдеде жария болды. Мәскеудегі ауған елшілігі қызметкерлері бұрынғы қызыл-қара-жасыл Республика Ауғанстан туын алып тастап, орнына талибтер орнатқан жаңа рәміздері бар ақ жалауды көтерді.
Қазақстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды. Бұл туралы шешімді 2023 жылы соңында қабылдап, 2024 жылғы қаңтардан бастап күшіне енді.
Қазақстан Президенті Қасым‑Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің парламент спикерлерімен кездесуде елдің осы ұстанымын түсіндірді. Оның айтуынша, стратегиялық міндет – Ауғанстанды өңіраралық экономикалық байланыстарға белсенді тарту.