logo
search
menu
Масктың жаңа партия құратынына Трамп жауап берді
Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Масктың жаңа партия құратынына Трамп жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамп кәсіпкер Илoн Масктың жаңа саяси партия құру жөніндегі жоспарын сынға алып, бұл бастаманы «күлкілі» деп атады. Бұл туралы ол 6 шілде күні Нью-Джерси штатынан ұшар алдында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Мен үшінші партия құру идеясын күлкілі деп есептеймін. Біз Республикалық партиямен бірге үлкен жетістіктерге жеттік», — деді Трамп.

Оның айтуынша, АҚШ-та әрдайым екі партиялы жүйе болған және бұл құрылым елдің саяси тұрақтылығына негіз болған. «Үшінші партия құру — тек қана шатасуды арттырады», — деп мәлімдеді ол.

Трамп сондай-ақ Масктың «көңіл көтеру» үшін мұндай бастама көтеруі мүмкін екенін жоққа шығармады, алайда Республикалық және Демократиялық партиялардан өзге күштердің Америкада ешқашан нақты саяси рөл атқара алмағанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Илoн Маск АҚШ-та «Америка» атты жаңа саяси партия құруға өтінім бергені хабарланған еді.