logo
search
menu
Прокурордың бұрынғы көмекшісі интернет арқылы марихуана сатып келген
Фото: Коллаж taulik.kz

Прокурордың бұрынғы көмекшісі интернет арқылы марихуана сатып келген

Қырғызстан ІІМ Есірткі айналымына қарсы күрес қызметі Telegram арқылы марихуана сатқан интернет-дүкенді анықтады. Тергеу барысында күдікті ретінде Бішкектегі аудандардың бірінде бұрын прокурор көмекшісі болып жұмыс істеген 1986 жылы туған азамат М.У.Н. ұсталды.

ІІМ мәліметінше, күдіктінің жанынан марихуана, прокурор көмекшісінің қызметтік куәлігі, бірнеше банк картасы мен ұялы телефондар тәркіленген.

Есірткі саудасы Бішкек пен Шу облысы аумағында жүргізілген. Күдіктінің үйін тінту кезінде марихуананың ірі партиясы, каннабис тұндырмалары және өсімдікті өсіруге арналған арнайы құрылғылар табылды.

Тергеу барысында есірткі бизнесі электронды төлем жүйелері арқылы, басқа адамдардың атына рәсімделген шоттар арқылы қаржыландырылғаны анықталды.

Қазіргі таңда ішкі істер органдары күдіктінің сыбайластарын анықтауға бағытталған жедел-тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.