logo
search
menu
Енді мектепте оқу 3 жылға дейін қысқарып, диплом беруі мүмкін
Фото: коллаж Taulik.kz

Енді мектепте оқу 3 жылға дейін қысқарып, диплом беруі мүмкін

Реформа нұсқаларының бірі — 3 жылдық міндетті оқу және оған қосымша 1 жылдық дайындық курсын енгізу. Екінші модель — 2+2 форматы, яғни екі сатылы білім беру (әрқайсысы екі жылдан), оның ішінде екінші сатысы ерікті түрде болмақ. Сонымен қатар, 16 жастан бастап оқушыларға диплом беру мүмкіндігі де қарастырылуда.

Түркияның Білім министрлігі 4+4+4 формуласы бойынша қалыптасқан мектеп жүйесін қайта қарастыруды бастады. Жаңа ұсыныстарға сәйкес, жоғары мектеп кезеңін қысқарту көзделіп отыр.

Алайда бұл бастамаға қарсы тараптар да бар. Eğitim-İş кәсіподағының басшысы ұсынылған жобаны жасөспірімдерді арзан жұмыс күші ретінде пайдалануға жасалған әрекет деп сынға алды. Оның айтуынша, қазіргі таңда Түркияда оқушылардың басым бөлігі тек 9 жыл ғана білім алады.

Білім министрі бұл мәселеге қатысты шешім тек қоғам тарапынан нақты сұраныс болған жағдайда ғана қабылданатынын мәлімдеді.