Құлағы естімейтіндерге әнді ыммен жеткізген қазақтың қызы (ВИДЕО)
Айдана Жапарова — Қазақстандағы музыкалық өнерді саңырау жандарға жақындатқан алғашқы кәсіби сурдотіл маманы. Ол сахнада тікелей ән мәтінін ғана емес, оның ырғағы мен эмоциясын да ыммен жеткізеді.
Айдана Қарағандыдан шыққан, жасы — 31-де. Ол саңырау ата-ананың отбасында өскендіктен, ым тілі оның ана тіліне айналған.
2015 жылдан бастап әндерді айтып, әлеуметтік желіге жүктей бастаған. Ал сахнадағы алғашқы кәсіби аудармасы Dequine есімді әншімен бірге өткен. Осыдан кейін көптеген қазақстандық әртістер Айдананы қолдай бастады.
Айдана музыкаға жан бітіреді — ол әнді тек аудармайды, оны көрсетеді: сезімін, көңіл күйін, ырғақ пен екпінді толық жеткізеді. Оның өнері — есту қабілеті нашар жандар үшін жай ғана аударма емес, бұл — эмоциялық байланыс, сахнадағы өмірге ену мүмкіндігі.
Видеода: Айдананың AlemFest фестиваліндегі әсерлі қойылымы.