Қазақстандағы әуежайлардың бірі бес жыл бойы 157 млн теңгені жымқырып келген
Өскемен әуежайында ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің (АФМ) хабарлауынша, «Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы президенті мен бірқатар қызметкерлері бес жыл бойы түрлі тәсілмен 157 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырған.
Жымқыру схемалары қандай болған?
Тергеу барысында күдіктілердің:
жалған сыйақылар мен артық еңбекақылар аударғаны,
қолдан жасалған келісімшарттар арқылы ақша шығарғаны,
жылжымайтын мүлікті төмен бағамен жалға бергені,
және мүлікті арзан бағамен сатып жібергені анықталған.
Қандай шаралар қолданылды?
АФМ тергеу аясында жалпы құны 126 миллион теңге болатын мүлікке тұтқын салған.
Қазіргі уақытта барлық күдіктілер қамауға алынған.