logo
search
menu
Артында 3 ұлы қалды: танымал әншіні өлтірген күйеуі ме?

Артында 3 ұлы қалды: танымал әншіні өлтірген күйеуі ме?

Самарқанд облысының Тайлақ ауданында өзбекстандық танымал әнші Зебинисо Носирова, шығармашылық есімімен Zeboyi Jahon, аяусыз өлтірілді. Бұл туралы Milliy TV арнасының Millar бағдарламасы хабарлады.

Қанды оқиға 26 шілдеде болған. Күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі ұсталды. Ол сол күні балаларына бару үшін келген. Телеарна мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелін қолымен тұншықтырып өлтірген. Зебинисо оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның ағасы былай деді:

«Мен сол күні жұмыста едім. Жұбайым қоңырау шалып, “әпкеңмен бірдеңе болған” деді. Анамнан сұрасам, “тез жет, оны өлтіріп кетіпті” деді. Бұл — өзінің жарына, үш баланың анасына жасалатын әрекет пе?!»

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтің хабарлауынша, 1992 жылы туған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 97-бабы, 1-бөлігі бойынша (қасақана кісі өлтіру) іс қозғалып, күдікті ұсталған.

Марқұм Зебинисо Носирова 1991 жылы туған. Артында үш ұлы қалды.