logo
search
menu
Павлодарда бүйрегін сатпақ болған азамат ақшасын алып жатқанда ұсталды
Фото: коллаж Taulik.kz

Павлодарда бүйрегін сатпақ болған азамат ақшасын алып жатқанда ұсталды

Павлодарда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды. Ол ғаламтор арқылы сатып алушыны алдын-ала іздеп тапқан. Бұл ақпарат Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне жетісімен жедел операция дайындалды. Күдікті келісілген қомақты қаржының бір бөлігін алып жатқан сәтте ұсталды. Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады. 

 Болат Нұрсейтов, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарын талқылап, сатуға келісім берді. Іле ақшаны алды. Күдікті қазір қамауда отыр. Адам ағзасын заңсыз саудаға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.