«Сендер қыпшақ емес, моңғолсыңдар» дейді татарлық азамат қазақтарға
Әлеуметтік желіде Руслан Шынтас есімді азамат қазақ қоғамы үшін қызық әрі өзекті жазба жариялады. Оның Қырым татар досы Арслан есімді азамат қазақтарды моңғолдан шыққан деп атап көрсетіп, одан неге ұяласыңдар деген уәж айтқан екен.
«Ноғайлар, қазақтар, қарақалпақтар, неге сендер үнемі қыпшақтық тамырларыңа ерекше мән беріп, ежелгі моңғолдық тамырларыңды ұмытасыңдар?
Сендердің ата-бабаларыңның бір бөлігі моңғол тайпаларының атауын алып жүрген, олар қыпшақтарды жаулап алып, бір бөлігін жойып жіберді, екіншісін батысқа қашуға мәжбүрледі, үшіншісін ассимиляциялап жіберді.
Қыпшақ ерлерін құлдыққа сатып, әсіресе Мысырға, ал әйелдерін әйелдікке алған (осы себепті кейінгі ұрпақ арасында тюркілену процесі жүрді — бұл қыпшақ-моңғол аралас некелерінен тараған ұрпақтың әсері).
Моңғол тайпаларының Дешті Қыпшақ даласына негізгі қоныс аударуы 13 ғасырда емес, 14 ғасырда болған.
Сондықтан барлық ата-бабаларыңды құрметтеңдер, оның ішінде моңғолдарды да. Сендер қыпшақтілдісіңдер, араларыңда нағыз қыпшақтар да бар, бірақ толықтай қыпшақ емессіңдер! Сендердің шыққан тегің — моңғол-қыпшақтық.
Моңғолдар Қара теңізге жеткенде, олардың құрамында түркі тілдес халықтар басым болатын, әсіресе — шығыс қыпшақтар, ұйғырлар, қаңлылар, хытаи, қырғыздар, хорезмдіктер мен басқалар. Яғни сендер — сол моңғол-қыпшақтардың тікелей ұрпақтарысыңдар».
Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?