logo
search
menu
ММА федерациясының президентін тойда пышақтап, өлтіріп кетті
Фото: ашық дереккөз

ММА федерациясының президентін тойда пышақтап, өлтіріп кетті

Алтай Республикасының ММА федерациясының президенті, «АК-КЕМ» жекпе-жек клубының директоры Алексей Калбуков той үстінде пышақ жарақатынан көз жұмды.

Mash дерегінше, оқиға Тюнгур ауылында өткен мерекелік дастарқан кезінде болған. 74 жастағы мас күйдегі зейнеткер орнынан тұрып, Калбуковқа жақындап, кеудесіне пышақ сұққан. Жарақат жүрек тұсына тиген, спорт қайраткері оқиға орнында жан тапсырды. Күдікті ұсталды.

Алексей Калбуков өңірде спортты дамытуға белсене атсалысып, балалар мен жасөспірімдерге арналған жаттығу залдарын ашқан. Оның клубтарында көптеген жас спортшылар тәрбиеленген.